Жас ұлан -жас қыран мақсат міндеттері
«Жас Ұлан» ұйымының мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. «Жас Ұлан» ұйымының міндеттері: Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру; Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру; Танымдық жұмыстарды ынталандыру; Балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау; Жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту. «Жас Ұлан»ұйымының атқаратын қызметі: — Тәрбиелік; — Танымдық; — Коммуникативтік; — Әлеуметтік; — Ақпараттық; — Шығармашылық. «Жас Ұлан» ұйымының қызмет қағидалары: Азаматтық сана-сезім және жалпы адами құндылықтардың басымдылығы; Еріктілік және қол жетімділік; Ұрпақтар сабақтастығы мен «Жас Ұлан» ұйымының дәстүрлерін сақтау; Ұйымның негізгі мақсаты мен міндетін жүзеге асырудағы ересектер мен балалардың бірлігі; Қызметтің патриоттық, толеранттық, рухани-адамгершілік бағыты.
1 – желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған Республикалық бірыңғай «Жас ұлан»және «Жас Қыран» балалар және жасөспірімдер ұйымының салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. «Жас Ұлан» ұйымына қабылданушы оқушыларға төсбелгілері мен галстуктарын табыстады.
Педагогикалық әдеп қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Педагогикалық әдеп қағидалары (бұдан әрі — Педагогикалық әдеп) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының және «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес әзірленді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей танылған адамгершілік қағидаттары мен нормаларына негізделген.
2. Педагогикалық әдеп білім беру ұйымдарының педагогтері басшылыққа алатын педагогикалық әдеп қағидаттары мен нормаларының жалпы жиынтығын білдіреді.
3. Педагогикалық әдеп ережелерін педагогтердің білуі және сақтауы олардың кәсіби қызметі мен еңбек тәртібі сапасын бағалау өлшемшарттарының бірі болып табылады.
4. Педагогикалық әдеп мәтіні білім беру процесінің қатысушылары үшін белгілі бір қолжетімді орында орналастырылады.
5. Педагогке қатысты талқылаулар және олардың негізінде қабылданған шешімдер педагогтің жазбаша келісімімен ғана жария етілуі мүмкін.
Оқушыларға арналған нашақорлық туралы ақпарат
ҚР Қылмыстық Кодексi
297-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу
1. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу –
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер – мүлкi тәркiленiп, алты жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған;
4) лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;
5) электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы;
6) қоғамдық орында жасалған іс-әрекеттер – мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер, сол сияқты есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді бiлiм беру ұйымдарында не көрiнеу кәмелетке толмаған адамға өткізу –
мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 297-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Кәсіби бағдар жұмысы
Мақсаты: Өзін-өзі анықтау және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау процесінде оқушыларға кәсіби бағдар беру
Міндеттері:
1) Оқушыларға ақыл-кеңес беріп, кәсіби таңдауларына сәйкес жеке ерекшеліктерін ескеріп, аймақтағы мамандарға сұраныстың қажеттілігін негізге алып мамандық таңдау жұмыстарын ұйымдастыру;
2) Кәсіби білім беру аясында оқушыларды қабілеттері мен мүмкіндіктерін, өмірлік жоспарлары мен перспективаларын ескере отырып, саналы таңдау қалыптастыруға ықпал ету; 3) Оқушылардың өз бетінше мамандық таңдауға көмектесу мақсатында олардың мүмкіндіктері, бейімділігі, мүдделері туралы ақпарат алу, зерттеу.
4) Оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу,
кәсіби бағыт беру жұмыстарын ұйымдастыру
Жаднама


Жаднама


Кітапхана бөлімі
Барлық кітаптардың жинақталған нұсқасы https://adebiportal.kz/kz/books#
Қазақ тіліндегі әдебиеттер
Литература на казахском языке







Орыс тіліндегі әдебиеттер
Литература на русском языке







